"Мұхтартану" курсынан кіріспе бақылау тапсырмалары.
1-ТАПСЫРМА
М.Әуезовтің өмірі мен
шығармашылық жолы
Қамтылуға тиісті мәселелер:
1. Жазушының
ата- тегі, өскен
ортасы.
2. Құнанбай
мен Әуез әулеттерінің
арақатынастары.
3. Абай шығармаларының жазушыға
әсер ықпалы.
5. Жазушының білім алған оқу орындары
мен ғылыми педогогикалық, жазушылық, ғалымдық,
қайраткерлік қызметі.
6. Шығармашылық өмірбаяны және қайраткерлік
қызметі.
7. Жазушы өмірінен жазылған естеліктер мен
көркем туындылар.
2-ТАПСЫРМА
М.Әуезовтің
публицистикалық-шығармашылық ,саяси-әлеуметтік көзқарастарының қалыптасу кезеңдері
Қамтылуға тиісті мәселелер:
2. "Адамдық негізі-
әйел" мақаласындағы қоғамдағы әйел
адамның рөлі.
3. "Қазақтың
өзгеше мінездері" мақаласындағы сол тұстағы
қазақ арасындағы
ұйымсыздық, күндестік, парақорлық,
партия,әділетсіз билік т.б.
кемшіліктердің сыналуы.
4. "Қазақ ішіндегі
партия неден?",
"Мәдениетке қай кәсіп
жуық" деген мақалаларындағы әлеуметтік
мәселелердің
көтерілуі.
3-ТАПСЫРМА
М.Әуезовтің
әдебиеттанудағы алғашқы ізденістері
Қамтылуға тиісті мәселелер:
1. XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі
қазақ
әдебиетінің
жалпы жағдайы.
2. Әдебиеттегі түрлі
ағымдар мен бағыттар.
3. Әдеби сын мен әдебиеттану ғылымының деңгейі.
5. Алғашқы әдеби
мақалалары: "Абайдың
өнері һәм қызметі",
"Қазақ
әдебиетінің
бүгінгі дәуірі",
"Қызыл
сұңқарлар".
6. Қазақ әдебиеті туралы" Қобыланды батыр" мақалалары мен
"Әдебиет
тарихы" зерттеу кітабының әдебиеттану ғылымындағы алатын
орны.
7. Әдебиет тарихын
кезең дәуірлерге бөліп, саралауының әдебиет
тарихын жасаудағы маңызы.
4-ТАПСЫРМА
М.Әуезовтің ең
алғашқы
20-жылдардағы
әңгімелеріндегі
қоғамдық
әлеуметтік мәселелер.
Қамтылуға тиісті
мәселелер:
1. Қазақ көркем
прозасының туып
қалыптасу жолдары.
2. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық дәстүр және
М.Әуезовтің
жаңашылдығы.
4. "Қорғансыздың күні" әңгімесіндегі образдар жүйесі. Әңгімедегі екі
сюжеттік желі, олардың
арасындағы идеялық байланысы. Шығармадағы образдар жүйесі. Ғазизалар арқылы
бейнеленген
қорғансыздар
дүниесі. Ақан, Қалтайлар арқылы берілетін өктемдік дүниесі..
5. "Жетім" әңгімесіндегі өмір
шындығы. Қасым
бейнесінің
трагедиялық хал күйі.
Иса мен Хадиша бейнесіндегі мейірімсіздік. Әңгімедегі
пейзаждың оқиғамен үйлесімі.
6. "Ескілік көлеңкесі" әңгімесіндегі
халықтың
әдет-ғұрып
салт-санасының
бейнелеуі.
Әгіменің бас кейіпкері
Жәмештің
мінез-құлық, түсінік -танымының заңдылық себептері (мотивировкалары).
7. "Барымта"
әңгімесіндегі этнографиялық
көріністер. Досбол, Айдар, Қалбағай, Қонақай бейнелерінің өзіндік ерекшеліктері.
5-ТАПСЫРМА
М.Әуезовтің 20-жылдардағы шығармаларындағы әйелдер тағдыры.
Қамтылуға тиісті
мәселелер:
1. ХХ
ғасырдың
алғашқы
жылдарындағы
қазақ
әдебиетінде әйел теңдігі
мәселесінің
көтерілуі.
3. "Қорғансыздың
күні", "Қыстыгүнгі
дала", "Ескілік
көлеңкесінде", "Кім кінәлі"
әңгімелеріндегі
қазақ
әйелдерінің ауыр тағдыры
4. Жазушының өмірден зәбір көрген қазақ
қыздарының мұңы мен
наласын әлеуметтік толғақты мәселе
ретінде көтеруі.
Аталған әңгімелердегі
сыншыл реализмнің көрінісі.
5. Жазушының қоғамдық әртүрлі тобының типтік
бейнесін сомдауы.
6. Автордың әйел характерлерін
жасаудағы шеберлігі.
7. Аталған
әңгімелердің кейбір
тұсындағы романтизмнің көрінісі.
6-ТАПСЫРМА
М.Әуезовтің қазақ оқығандарының бейнесін
жасауға арналған әңгімелері
Қамтылуға тиісті
мәселелер:
1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі
қазақ оқыған азаматтарының қоғам өмірінде алатын орны
және ол туралы М.Әуезовтің позициясы.
2. "Оқыған азамат", "Үйлену","
Кім кінәлі",
"Сөніп-жану" әңгімелеріндегі қазақ оқығандарының азаматтық және
олардың ел өмірімен ара
қатынасының
суреттелуі.
3. "Оқыған азамат "әңгімесіндегі Жұмағұл, Мейірхан бейнелері. Мақсұт бойындағы
халықтық, қоғамдық, гуманистік сезім мен
Жұмағұл бойындағы
дүниеқоңыздық, сараңдықтардың кереғар
қарама-қайшылықтары.